Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ КОНТЕКСТІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИЗАЙНЫ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

Жарияланған August 2023

112

170

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақала, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын жобалаудың ғылыми-әдіснамалық негіздемесін әзірлеу мақсатында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекшілігімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің OR 11465474 «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» басымдық бағыты бойынша бағдарламалық-нысаналы гранты аясында орындалды. 

Жаһандық өзгерістер аясында Қазақстандық білім беру жүйесі  халықаралық білім нарығына толық сапалық енуі үшін  педагогтар нарықтың жаңаша даму жағдайына сай қызмет етуі тиіс. Сондықтан мемлекеттік сұранысқа сәйкес шығармашылыққа бейім, кәсіби құзіреттілігі қалыптасқан педагогикалық кадрлар дайындау маңызды. Бұл өз кезегінде  білім беру саласындағы формальды емес білім беру жүйесін жетілдірудің өзектілігіне әкеледі. Осыған байланысты Білім беру саласындағы Еуропалық Одақтың «Өмір бойы оқу» (lifelong learning –  LLL) меморандумы негізгі стратегиялық тұжырымдама ретінде басшылыққа алынды. Мақалада білім беру бағдарламаларын дайындаудағы білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен кәсіби құзіреттерін қалыптастыру және дамыту үшін педагогикалық дизайнның маңыздылығы қарастырылды. Сонымен қатар, ғылыми-теориялық материалдардың талдау нәтижесі ғалымдар «педагогикалық дизайн» ұғымына берілген анықтамаларында оны ғылым, процесс, пән, жүйе ретінде нақтыланғанын анықтаса, мақала авторлары оны құрал ретінде қарастырады. Үздіксіз білім беру контекстіндегі білім беру бағдарламаларының педагогикалық дизайнының жағдайы талданып, оның болашақтағы қолдану басымдықтары белгіленген.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Оракова А., Наметкулова Ф., Корнилова T., Жайтапова А., Тургунбаева Б. ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ КОНТЕКСТІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИЗАЙНЫ: ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ // Педагогика және психология. – 2023. – № 2(55). – С.90–99: DOI: 10.51889/2077-6861.2023.30.2.0 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1100 (дата обращения: 27.11.2024)