Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КРЕАТИВТІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ

Жарияланған September 2022

196

241

КазНПУ им. Абая
Аңдатпа

Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың креативтік әлеуетін дамытуға қолданылатын ұлттық ойын түрлерінің жіктелуі қарастырылған. Балалардың креативтік әлеуетінің негізін құрайтын танымдық үдерістердің, тұлғалық қасиеттерінің дамуына ұлттық ойындардың тигізетін ықпалына тоқталған және  ұлттық ойын түрлеріне талдау жасалған. Ұлттық ойындарды зерттеген ғалымдардың пікірлерін қарастыра отырып, олардың ерекшеліктерін,  жүргізілу ережелерін  саралаған. Ұлттық ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың  есте сақтауын, зейінін, шығармашылық қиялын, креативті ойлауын дамытып, тілін ұстартып, ой-өрісін кеңейтіп, ерекше шешімдер қабылдауға  баулиды.

Мәселен, «Санамақтар» арқылы балаларға сандар үйретіліп, санамақта аталатын заттардың не екенін, оның тұрмыста қандай маңызы бары ұғындырылады, ондағы өлең ұйқастарына қарай оңай жатталатындықтан,  музыка ырғағына келтіріп айтылуы арқылы балаға эстетикалық тәрбие де береді. Ұлттық ойындар осындай мүмкіндіктерінің арқасында мектеп жасына дейінгі балалардың креативтік әлеуетін дамытуда ерекше маңызға ие.

Мақалада  ойындардың шығу  тарихына,  дамуы мен өзгеруіне, түрленуіне тоқталып,  педагогикалық үдерісте жиі қолданылатын ұлттық ойын түрлері мысалға келтірілген.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нурбекова С., Алимбекова А., Қыяқбаева Ұ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КРЕАТИВТІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ТҮРЛЕРІНІҢ ЖІКТЕЛУІ // Педагогика және психология. – 2022. – № 3(52). – С.263–272: DOI: 10.51889/31.23.2022.67.86.028 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1056 (дата обращения: 22.11.2024)