Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Tauelsiz Qazaqstannyng qalyptasuy men damuy zhagdayyndagy muzyka boyynsha ulgilik oqu bagdarlamasy mazmunynyng basym bagyttary (1993-2013 zhzh.)

Жарияланған June 2022

175

145

Аңдатпа

Мақалада 1993-2013 жылдар кезеңінде әзірленген, эксперименталды зерттелген және қазақстандық мектептердің оқу процесіне енгізілген бастауыш сыныптарға арналған музыка бойынша үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнының ерекшеліктері ашылады.  Автор тарихи аспектіде бағдарламаның мазмұнымен жұмыс істеу процесін көрсетіп фактологиялық материалмен растайды. Педагогиканың дидактикалық қағидаттарына, психофизиология және мектептегі музыкалық білім беру саласындағы ғалымдардың ғылыми ұстанымдарына сүйене отырып, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес базалық  білім анықталды және қазақ дәстүрлі музыкасы туралы негізгі білімді қалыптастырудың  оңтайлы шарттары анықталды. Бағдарламаның қолжетімді мақсаты өскелең ұрпақты қазақтың дәстүрлі музыкалық өнерінің үздік үлгілер негізінде тәрбиелеу, өз халқының мәдениетіне баулу, отандық кәсіби композиторлар мен әлемдік классика композиторлары шығармашылығының қайнар көзі ретінде халық музыкасының рөлі туралы түсініктерді қалыптастыру болып табылады. Нәтижесінде типтік оқу бағдарламасының мазмұны іске асырылған музыка бойынша оқу-әдістемелік кешеннің құрастырылуы.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Kulmanova S. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы жағдайындағы музыка бойынша үлгілік оқу бағдарламасы мазмұнының басым бағыттары (1993-2013 жж.) // Педагогика және психология. – 2022. – № 2(51). – С.41–48: DOI: 10.51889/2022-2.2077-6861.05 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1009 (дата обращения: 21.04.2026)