Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Журнал саясаты

Саясат

Басылымның мақсаты – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерінің мазмұны мен нәтижелерін жариялау.

Міндеттер:

- отандық және шетелдік педагогтар мен психологтардың кәсіби қарым-қатынасы үшін кең өріс құру;

- білім беру, педагогика және психология саласындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың жаңа ғылыми зерттеулері туралы ақпарат тарату;

- қазақстандық ғалымдардың жетістіктеріне, жаңа білім беру технологияларына педагогтер мен психологтардың халықаралық қауымдастығының назарын аудару мақсатында отандық тәжірибені дәріптеу;

- білім беру, педагогика және психологияның өзекті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерімен танысу.

 

Шығару жиілігі: жылына 4 рет. Көлемі: 300 бет.

2023 жылдың 3 санынан бастап барлық ғылыми мақалалар тек ағылшын тілінде қабылданады және жарияланады.

 

Журналдың тақырыптық бағыттары:

- Қазіргі білім берудің инновациялары мен даму мәселелері

- Мамандарды даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері

- Инклюзивті және арнайы білім берудің өзекті мәселелері.

 

* Ескерту: журналдың тақырыптық бағыттары 2023 жылдың 3-ші санынан бастап өзгертілді.

 

 

МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ ШАРТТАРЫ

Барлық мақалалар журналдың веб-сайты арқылы қабылданады. Барлық мақалаларда Scopus (процентиль 70 – тен төмен емес) және Web of Science (1 және 2 квартильден төмен емес-Q1 және Q2) базасында индекстелген журналдарда жарияланған жұмыстарға кемінде 2 сілтеме болуы керек. Бір автор мақаланы жылына екі реттен артық жарияла алмайды. Бір автор бір санда біреуден артық мақала жариялай алмайды.

Барлық мақалалар қос анонимді шолудан өтеді.

"Педагогика және психология" журналының редакциясына келіп түскен барлық мақалалар «Антиплагиат» (лицензия) жүйесіндегі материалдардың қарыз алуына тексеруден өтеді, шекті деңгейі 70%. Қажет болған жағдайда редакциялық кеңес мақаланы Strike Plagiarism, Turnitin жүйелерінен қайта тексере алады. Техникалық және өзге де жосықсыз әдістердің көмегімен басқа автордың жариялаған жұмысынан заңсыз мәтін алуға және заңсыз дәйексөз келтіруге, мәтіннің өзіндік ерекшелігін арттыруға жол берілмейді.

Журналдың барлық мақалаларына DOI тағайындалады, авторлар (барлығына міндетті емес) Crossref дерекқорында тіркеледі.

Барлық мақалалар талаптарға сәйкес рәсімделіп, APA 7 Style форматына сәйкес мұқият өңделуі керек. Редакциялық кеңес журналға енгізу үшін мақалаларды іріктеу, мәтіндерді қысқарту және оларға авторлардың келісімінсіз қажетті түзетулер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Жарияланған мақалалардың авторлары фактілердің дұрыстығына жауап береді. Редакцияның көзқарасы жарияланған материалдар авторларының пікірлерімен сәйкес келмеуі мүмкін. Редакциялық кеңес қабылдамаған мақалалар қайта қабылданбайды және қаралмайды.

Мақалалар журналдың веб-сайтында жеке кабинетте жүктелуі керек. Мақаланы «Антиплагиат» жүйесінен өткізу үшін pdf форматында толық мақала жүктеледі, рецензиялау үшін MS Word форматында аты-жөні мен аффилиациясы жоқ мақала жүктеледі.

Ғылыми мақаланы қарау 1 айдан 6 айға дейін созылады.

 

ЖАРИЯЛАУ ЭТИКАСЫ

"Педагогика және психология" журналының редакциясы өз жұмысында ғылыми жарияланымдар этикасы комитеті (Committee on Publication Ethics – COPE) әзірлеген және бекіткен ғылыми жарияланымдар этикасының халықаралық стандарттарын ұстанады және беделді халықаралық журналдар мен баспалардың құнды тәжірибесін ескереді. Журналдың редакциясы халықаралық ғылыми қоғамдастық қабылдаған этикалық нормаларды сақтау үшін және өз жұмысында да, ғылыми жарияланымдар процесінің барлық қатысушыларымен: авторлармен, рецензенттермен, редакторлармен, баспагерлермен, дистрибьюторлармен және оқырмандармен қарым-қатынаста осы нормалардың кез-келген бұзылуын болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

 

ПЛАГИАТҚА ТЕКСЕРУ

«Педагогика және психология» журналының редакциясына келіп түскен барлық мақалалар «Антиплагиат» (лицензия) жүйесіндегі материалдардың қарыз алуына тексеруден өтеді, шекті деңгейі 70%. Қажет болған жағдайда редакциялық кеңес мақаланы Strike Plagiarism, Turnitin жүйелерінен қайта тексере алады. Техникалық және өзге де жосықсыз әдістердің көмегімен басқа автордың жариялаған жұмысынан заңсыз мәтін алуға және заңсыз дәйексөз келтіруге, мәтіннің өзіндік ерекшелігін арттыруға жол берілмейді

Көптеген плагиат фактілері анықталған жағдайда редакция Халықаралық жариялау этикасы комитетінің ережелеріне сәйкес әрекет етеді (COPE):

- авторды(ларды) мақалада плагиат бар екендігі туралы хабардар етеді;

- автордан(лардан) хабарлама туралы растау алады;

- мақаланы қабылдамайды.

 

РЕЦЕНЗИЯЛАУ

Барлық мақалалар қос рецензиялаудан өтеді. Қарауға ұсынылған материалдар мен жарияланбаған деректерді редакциялық алқа / редакциялық кеңес мүшелері және рецензенттер автордың(лардың) жазбаша келісімінсіз жеке зерттеулерінде пайдалана алмайды. Рецензиялау нәтижелері құпия болып табылады. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда рецензенттер мақаланы қарауға жіберілмейді.

 

ЕРКІН ҚОЛ ЖЕТКІЗУ САЯСАТЫ

«Педагогика және психология» журналы Будапешттік «Ашық қол жетімділік» бастамасына қосылады және журналда жарияланған ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне еркін қол жетімділікді қамтамасыз етеді. Ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне еркін қол жеткізу отандық тәжірибені насихаттауға ықпал етеді, халықаралық қоғамдастықтың назарын аудартады, жаһандақ зерттеулермен алмасу жағдайында ғылым мен білім беруді дамытады.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫ

Авторлар әр мақала үшін 30 000 (отыз мың) теңге төлейді. Бағаға мыналар кіреді: мақаланың жариялануына ақы төлеу, DOI нөмірін беру, авторларды Crossref базасында тіркеу.

 

Төлем Абай атындағы ҚазҰПУ-дың банк реквизиттеріне НЕМЕСЕ Каспи.кз қосымшасы арқылы ақша аудару арқылы жүргізіледі.

  1. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың банк реквизиттеріне «мақала жариялау үшін төлем» белгісімен төлем жасау:

НАО Казахский национальный педагогический университет имени Абая

БИН 031 240 004 969

АО "БанкЦентрКредит",

Расчетный счет KZ178560000000086696

Кбе 16

БИК банка: KCJBKZKX

 

  1. Каспи.кз қосымшасы арқылы төлеу:

Төлемдер

ҚазҰПУ

Институт (қызметкерлерге/басқа тұлғаларға ақы төлеу)

Курс (қызметкерлерге/басқа адамдарға төлемдер)

Төлем түрі (мақаланы жариялау)

Комментарийде "Мақала жариялу үшін төлем" деп көрсетіңіз

Төлем туралы чек журналдың техникалық хатшысының WhatsApp нөміріне жіберіледі.