Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Педагогика және психология

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "Педагогика және психология" журналы - республикалық ғылыми-әдістемелік басылым. Журнал 2009 жылы құрылған.

"Педагогика және психология" журналының негізгі тақырыптық бағыты білім берудің барлық сатылары мен деңгейлерінің қазіргі жағдайының проблематикасы болып табылады.

Журналға жариялау үшін оның тақырыбына сәйкес келетін іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін көрсететін ғылыми, талдамалық, ғылыми-әдістемелік мақалалар, сондай-ақ автор(лардың) тұжырымдамалық ұстанымын нақты көрсететін шолу мақалалары (review) қабылданады.

Журналдың негізгі бөлімдері:

- Инновациялар мен заманауи білім беруді дамытудың мәселелері

- Мамандарды даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері

- Инклюзивті және арнайы білім берудің өзекті мәселелері.

Журналдың миссиясы – ғылым мен білім беру өкілдерін білім берудің, ғылымның өзекті мәселелерін ашық талқылауға тарту; білім беру саясаты, теориясы мен практикасы саласындағы креативті бастамаларды қолдау, отандық және шетелдік ғалымдар мен педагогтардың қызметін жоғары, орта, жалпы, қосымша және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге ықпалдастыруға жәрдемдесу.

Журналдың мақсатты аудиториясы: жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы; мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы академиялық қызметкерлер мен сарапшылар; докторанттар, ізденушілер, қазақстандық және шетелдік университеттер мен ғылыми және білім беру мекемелерінің магистранттары мен студенттері, мектеп мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтері және т.б.

Журнал ҚР ҒЖБССҚК ғылыми дәрежесін және ғылыми атағын алу үшін диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялау мақсатында ұсынылатын жетекші рецензияланатын ғылыми журналдардың тізбесіне кіреді.

Журнал ғылыми дәйексөз индексінің республикалық жүйесіне – қазақстандық дәйексөз базасына (ҚазДБ) енгізілген.

"Педагогика және психология" журналын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Абай атындағы ҚазҰПУ) құрып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген.

Ағымдағы шығарылым