Авторларға ақпарат
Басылымның мақсаты – мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерінің мазмұны мен нәтижелерін жариялау.
Міндеттер:
- отандық және шетелдік педагогтар мен психологтардың кәсіби қарым-қатынасы үшін кең өріс құру;
- білім беру, педагогика және психология саласындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың жаңа ғылыми зерттеулері туралы ақпарат тарату;
- қазақстандық ғалымдардың жетістіктеріне, жаңа білім беру технологияларына педагогтер мен психологтардың халықаралық қауымдастығының назарын аудару мақсатында отандық тәжірибені дәріптеу;
- білім беру, педагогика және психологияның өзекті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерімен танысу.
Шығару жиілігі: жылына 4 рет. Көлемі: 300 бет.
2023 жылдың 3 санынан бастап барлық ғылыми мақалалар тек ағылшын тілінде қабылданады және жарияланады.
Журналдың тақырыптық бағыттары:
- Қазіргі білім берудің инновациялары мен даму мәселелері
- Мамандарды даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері
- Инклюзивті және арнайы білім берудің өзекті мәселелері.
* Ескерту: журналдың тақырыптық бағыттары 2023 жылдың 3-ші санынан бастап өзгертілді.
Барлық мақалалар журналдың веб-сайты арқылы қабылданады. Барлық мақалаларда Scopus (процентиль 70 – тен төмен емес) және Web of Science (1 және 2 квартильден төмен емес-Q1 және Q2) базасында индекстелген журналдарда жарияланған жұмыстарға кемінде 2 сілтеме болуы керек. Бір автор мақаланы жылына екі реттен артық жарияла алмайды. Бір автор бір санда біреуден артық мақала жариялай алмайды.
Барлық мақалалар қос анонимді шолудан өтеді.
"Педагогика және психология" журналының редакциясына келіп түскен барлық мақалалар «Антиплагиат» (лицензия) жүйесіндегі материалдардың қарыз алуына тексеруден өтеді, шекті деңгейі 70%. Қажет болған жағдайда редакциялық кеңес мақаланы Strike Plagiarism, Turnitin жүйелерінен қайта тексере алады. Техникалық және өзге де жосықсыз әдістердің көмегімен басқа автордың жариялаған жұмысынан заңсыз мәтін алуға және заңсыз дәйексөз келтіруге, мәтіннің өзіндік ерекшелігін арттыруға жол берілмейді.
Журналдың барлық мақалаларына DOI тағайындалады, авторлар (барлығына міндетті емес) Crossref дерекқорында тіркеледі.
Барлық мақалалар талаптарға сәйкес рәсімделіп, APA 7 Style форматына сәйкес мұқият өңделуі керек. Редакциялық кеңес журналға енгізу үшін мақалаларды іріктеу, мәтіндерді қысқарту және оларға авторлардың келісімінсіз қажетті түзетулер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Жарияланған мақалалардың авторлары фактілердің дұрыстығына жауап береді. Редакцияның көзқарасы жарияланған материалдар авторларының пікірлерімен сәйкес келмеуі мүмкін. Редакциялық кеңес қабылдамаған мақалалар қайта қабылданбайды және қаралмайды.
Мақалалар журналдың веб-сайтында жеке кабинетте жүктелуі керек. Мақаланы «Антиплагиат» жүйесінен өткізу үшін pdf форматында толық мақала жүктеледі, рецензиялау үшін MS Word форматында аты-жөні мен аффилиациясы жоқ мақала жүктеледі.
Ғылыми мақаланы қарау 1 айдан 6 айға дейін созылады.