Мақалада бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын мәселелер қарастырылған. Бастауыш сынып оқушысының тілдік қарым-қатынасын жетілдіру, дамыту арқылы қоғамға жан-жақты дамыған, белсенді, сонымен қатар, шебер қарым-қатынас жасай білетін оқушыларды тәрбиелеу басты мақсаттардың бірі бо- лып табылады. Бұл мақалада «коммуникация», «мәдениет» және «толеранттылық» ұғымдарын теориялық тұрғыда негіздей отырып, «коммуникативтік мәдениет» ұғымына анықтама берілген. Мақалада бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті мәдениеті жайлы зерттеушілер мен ғалымдардың ой-пікірлері, баста- уыш сынып оқушыларының коммуникативтік мәдениетінің ерекшеліктері және коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру бағыты көрсетілген. Сондай-ақ, коммуникативті мәдениетке ие оқушы бойында болуы қажет қасиеттер мен негізгі компоненттер аталып өтілген. Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік мәдениетін қалыптастырудағы әдістер мен тәсілдерді дұрыс таңдау арқылы дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысының қажеттілігі туралы негізгі ой айтылды.
Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру
Жарияланған September 2020
159
113
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
коммуникация; мәдениет; толеранттылық; қарым-қатынас; коммуникативтік мәдениет; бастауыш сынып оқушысы
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Шаяхметова А., Сихынбай А. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік мәдениетін қалыптастыру // Педагогика және психология. – 2020. – № 3(44). – С.93–99: DOI: 10.51889/2020-3.2077-6861.12 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/94 (дата обращения: 27.11.2024)