Мақалада денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалардың дене тәрбиесінің психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері баяндалады. Соңғы бес жылда еліміздегі мүгедектер саны 7,5%-ға көбейіп, 674,2 мың адамға жетіп отыр, қазір 18 жасқа дейінгі 86956 мүгедек бала тіркелген, оның 90%-ын 16 жасқа дейінгі балалар құрайды. Авторлар көру, есту, сөйлеу және тірек-қимыл аппараты мен жүйке жүйесі қызметінің бұзылулары бар балалардың психологиялық дамуындағы өзгерістерге сипаттамалар берген. Денсаулығында тұрақты ауытқулары және мүгедектігі бар балаларды дене-қозғалыс сапалары мен рухани күштерін дамыту арқылы әлеуметтік интеграциялауда аса маңызды дене тәрбиесінің арнайы саласы болып табылатын бейімдік дене шынықтырудың әдістемелік сұрақтарына тоқталған. Бейімдік дене шынықтыру саласында білім беретін ұйымдардың педагог-жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігіне қойылатын талаптар ұсынылған.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың дене тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Жарияланған September 2020
165
125
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Балгимбеков Ш., Күшназарова К., Болатқызы Ш. Мүмкіндігі шектеулі балалардың дене тәрбиесінің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері // Педагогика және психология. – 2020. – № 3(44). – С.85–93: DOI: 10.51889/2020-3.2077-6861.11 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/93 (дата обращения: 4.12.2024)