Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Жарияланған September 2022

110

162

Казнпу имени Абая
Аңдатпа

Географиялық білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарының бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта кеңінен қолдану. АКТ-ны қолдану оқушылар бойында ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті дамытуға бағытталған. Сондықтан да қазіргі уақытта оқушылар бойында білім алу дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты өңдеу және сыни тұрғыдан түсіну, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары арқылы жаңа білімді қабылдауға дайындау мәселелері өзекті. Осы тұста пән мұғалімнің міндеті – сабақтарда тақырыпқа сай бейне материалдар, бейнеүзінділер, телехабарлар, жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жасалған бағдарламаларды күнделікті қолдану. Оларды қолдана отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сабақты жан-жақты сипаттай алатын мәліметтерді жинақтау, оқушыларды бірлескен жұптық, топтық жұмыстарға тарту секілді іс-әрекеттерді ұйымдастыра алады. Алайда жинақталған мәліметтер оқушының жас ерекшелігіне сай, нақты тақырыпты аша алатын, уақыт межесінен аспайтын, оларды жалықтырып алмайтындай болуын мұғалім тарапынан саралануы қажет.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Акишева М., Боранкулова Д. БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ // Педагогика және психология. – 2022. – № 3(52). – С.216–224: DOI: 10.51889/81.71.2022.12.87.023 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/825 (дата обращения: 22.11.2024)