Мақалада Абай мұрасы – интеллектуалды тұлға қалыптастырудың негізі тұрғысынан қарастыра отырып, ғұламаның мұралары мен ғалымдардың ғылыми тұжырымдары негізге алынады. Абай шығармаларын зерде- леп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, отансүюшілікке баулып, ар-намысын, ождан, адамгершілік қасиет үшін күресуге, оны бірте-бірте жастар бойына сіңірудегі халықтық педагогиканың негізгі қағидаларымен кездесеміз. Абай шығармаларының негізгі түйіні – адам бойындағы негізгі қасиеттер: ерік-жігер, қайрат, ақыл, жүректіліктің бір-біріне қатынасы, байланысы арқылы «толық адамды» қалыптастыру екені жан-жақты ашылып беріледі.
«Қазақ елі – мәңгілік ел» идеясының білім беру жүйесінде іске асуына байланысты атқарылып отырған шаралар тарихымыздың өткені, бүгіні, болашағын сабақтастыра отырып жүргізу мәселесі білім беру жүйесінің басты бағыты екені нақтыланады.