Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Қазақ күресі негізінде күрес түрлерін сабақтарда үйретудің техникалық әдістері

Жарияланған June 2020

120

151

Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті
Аңдатпа

Дене шынықтыру бағдарламасындағы «Жекпе-жек» бөлімін қамтитын күрес өнері – ұлттық салт- дәстүрге жататын, ұлттық мәдениеттің дамуымен бірге жетілген спорттық сала. Балаларды ержүректілікке, намысқойлыққа, қайраттылыққа тәрбиелейтін бұл спорт түрі мектептегі жоғары буын сыныптарына арналған. Көшпенділердің тұрмыстық, әлеуметтік өмірінде кездесетін той-томалақ, ойын-тамаша, сауық-сайран, ас беру, алуан спорттық қимылдар кезінде орындалатын дәстүрлі өнер түрі. Ептілікті, күштілікті, қайсарлықты, ерлікті шыңдайтын көне сайыстардың қайнар көзі. Күрес өнері әлем халықтарында ортақ қезігетін, тарихымен тамырлас, болмысымен біте қайнасқан ұлттық спорт. Бірақ әр елде күрестің аталуы, әдіс-тәсілдері ұқсамайды. Ол басында пайда болу, қалыптасу, өркендеу, гүлдену мен даму сатысын басып өткен байырғы төл мұрамыздың бірегей құнды мұрасы. Жаһанданған жаңа дәуірге келгенде төл күресіміздің өресін төмендетіп алмау үшін тамаша игілікті іс-шаралар қолға алынып атқарыла бастады. Қазақ елі бейбіт тәуелсіз ел болған соң қазақ күресін дамыту жолында толағай табыстарға кенелді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Советханов А., Ташболатов С., Шыныбек Н., Әшімханов Ғ., Айтбаева Ф. Қазақ күресі негізінде күрес түрлерін сабақтарда үйретудің техникалық әдістері // Педагогика және психология. – 2020. – № 2(43). – С.179–185: DOI: 10.51889/2020-2.2077-6861.23 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/71 (дата обращения: 28.11.2024)