Мақала «Әлеуметтік-гуманитарлық және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі мақсат бойынша көркем-эстетикалық бейіндегі мұғалімдердің кәсіби даярлығын трансформациялаудың стратегиялық бағыттары мен тетіктерін әзірлеу» атты ғылыми-техникалық бағдарламасының тапсырмасы бойынша «Өнер» бағыты саласындағы зерттеулер шеңберінде дайындалды. Біздің зерттеуіміздің пәні әлеуметтік-гуманитарлық және ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шешудегі ЖОО-ның шығармашылық музыкалық-білім беру ортасының (ШМББО) рөлін қарастыру болып табылады. Қауіпсіздіктің екітараптағы парадигмасын қарастыра отырып, авторлар жағдайы ең оңтайлы болып есептелінетін даму парадигмасын көздейді және оны жүзеге асыруда әлемдік білім беру жүйесіндегі музыкалық білім берудің үлкен рөл атқаратын жолдарын көрсетеді. Ал, бұл мәселені шешуге мүмкіндік беретін нағыз орта болып шығармашылық музыкалық білім беру ортасын айқындайды. Осы тұста, әрбір музыкалық орта жағымды бола бермейтіндігін авторлар мойындай келе, музыкалық-коммуникативтік өрісті (поляризацияланған кеңістік), полисубобъектіні (әлеуметтік-педагогикалық қауымдастық) және ШМББО ұсынған музыкалық мәдениет құбылыстарын зерттеуде қарастырады. Тұлғаның психологиялық және моральдық-эстетикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін механизм ретінде тұлғаның динамикалы мағыналық жүйесін қалыптастыру болып танылады және оның құрылымында алынған ақпаратты іріктеуді қамтамасыз ету және жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің тұрақтылығын өзектендірудегі музыкалық шығармалардың субъективті мағынасының жеке құндылықтарымен арақатынасының жоғары деңгейі аталып көрсетілді.
Әлеуметтік-гуманитарлық және ақпараттық қауіпсіздік контекстіндегі ЖОО шығармашылық музыкалық-білім беру ортасының жұмыс қызметі
Жарияланған March 2022
112
75
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
шығармашылық музыкалық-білім беру орта
әлеуметтік гуманитарлық және ақпараттық қауіпсіздік
музыкалық–коммуникативтік өріс
полисубъект
музыка мәдениетінің феномендері
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Poljakova E., Ivanova M., Bolatkhan N. Әлеуметтік-гуманитарлық және ақпараттық қауіпсіздік контекстіндегі ЖОО шығармашылық музыкалық-білім беру ортасының жұмыс қызметі // Педагогика және психология. – 2022. – № 1(50). – С.182–188: DOI: 10.51889/2022-1.2077-6861.19 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/672 (дата обращения: 27.11.2024)