Мақалада бастауыш сынып оқушыларының пікірталас-ойын технологиясын енгізу үдерісінде коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру туралы айтылады. Оқу процесінде пікірталас-ойын технологи- ясын қолдану оқушылардың пәнді оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, өзіндік жұмысын ұйымдастыруға ықпал етеді.
Автор, оқу үрдісі кезінде пікірталас-ойын технологиясын қолдану оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту ғана емес, белгілі бір тақырыпты терең игеру арқылы оқушылардың танымдық, іс- әрекеттерінің барлық функционалдық аспектілеріне, талқыланатын тақырыпты тұжырымдау мен түсінуге, сонымен қоса көзқарастары дәлелдеуге, пікірлерін ашық айтуға, қарама-қарсы пікірге толеранттықпен қарау ықпал етеді деп санайды. Мақалада сонымен қатар, оқушылардың коммуникативті дағдыларын қалыптастырудың фунционалдық сипаттамалары және пікірталас-ойын технологиясын ж.ргізу барысында Б.Блум таксономиясы бойынша күтілетін нәтижелер берілген.