Мақала педагогика ғылымының өзекті саласы ретінде педагогика тарихы мәселелеріне арналған. Әулиеата өңірі ерте дәуірлерден - ақ тағылымды мәдениетімен, тарихи сәулет ескерткіштерімен көпшілікті таңдандыруымен бірге өнер-білім ордасы ретінде танылған. Бұл өңірде оқу - білім мен ғылымның пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын тереңнен алады. Мақалада Әулиеата өңіріндегі оқу - тәрбие үрдісінің қалыптасуының алғышарттарының негізгі аспектілері жан-жақты қарастырылған. Сонымен бірге оқу - тәрбие ісінде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Әулиеата өңіріндегі білім мен тәрбиелеудегі діни ағатрушылық бағыттар, олардың ерекшеліктері негізделген. Әулиеата өңірінен шыққан алғашқы білім беру ісіндегі есімдері көп айтыла бермейтін ағартушы ғұламалар сондай - ақ олардың ұстанымдарының негізгі ерекшеліктері әр түрлі ғылыми дереккөздер арқылы сипатталған. Кеңес үкіметі орнағанға дейін белең алған мұсылмандық білім беру жүйесі өз кезегінде ұзақ даму жолынан өткен, әрі бұл оқу - тәрбие үрдісінің негізі болғандығы туралы мәліметтер ғылыми негізде талданған.
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНА ДЕЙІНГІ ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІНДЕГІ ОҚУ- ТӘРБИЕ ІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған March 2022
192
138
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Байдалиев Д., Дүйсенбаев А., Ақжолова А. ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНА ДЕЙІНГІ ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІНДЕГІ ОҚУ- ТӘРБИЕ ІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ // Педагогика және психология. – 2022. – № 1(50). – С.283–290: DOI: 10.51889/2022-1.2077-6861.30 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/608 (дата обращения: 4.12.2024)