Мақалада мектеп оқулығының сапасын бағалау мәселелері қарастырылады. Оқулықтың сапасын арттыру құралдарының бірі қатаң талаптар немесе бағалау критерийлері болып табылады. Бұл мақалада бұл талаптар туралы сөз қозғалады. Автор отандық оқулықтарға сараптама жасауда оқулықтың дидактикалық аппараты мен функцияларының қызметін бағалау арқылы сапасын анықтайтын критерийлердің қолданысқа енген жаңа жүйесінің маңызын қарастырады.
Дидактикалық аппараттың сапасын бағалау оқулық құрылымы, оқулық мазмұны, меңгеру аппаратын ұйымдастыру, қабылдау аппараты, бағдарлау аппараты, иллюстративті материалдар, оқулықтың электрондық қосымшасы, оқулықтың эргономикалық және эстетикалық талаптарға сай рәсімделуі негізінде анықталады. Оқулық функциялары үйлестіруші, жүйелеу, ақпараттық, ынталандырушы, дамытушы, трансформациялаушы, құндылық-бағдарлаушы және тәрбиелік фунциялары, оқулықтың өздігінен білім алу және навигациялық функ- циялары, интеграциялық, бақылау-түзетуші функцияларының орындалуының сапасы арқылы анықталады.