Мақала Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердің жаңартылған білім мазмұнына көшуін ескере отырып, университеттегі мұғалімдердің педагогикалық даярлығын жаңғырту мәселесіне арналған. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагог кадрларды жұмысқа дайындауда педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарының әлеуеті қарастырылады. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында болашақ мұғалімдерді педагогикалық қызметке дайындаудағы педагогикалық жоғары оқу орындарының ерекше миссиясы атап өтілді. Жаңартылған оқу бағдарламаларын енгізуге студенттерді – болашақ мұғалімдерді дайындаудың қалыптасқан университет тәжірибесі талданды.
Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында университетте болашақ мұғалімдерді даярлаудың өзекті міндеттері көрсетілген. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мұғалімнің кәсіби құзіреттілігіне қойылатын жаңа талаптарға сай болашақ педагогтарды дайындаудың университеттік үдерісін жаңғыртудың тәсілдері ұсынылды. Авторлар болашақ мұғалімдерді дайындаудың университеттік педагогикалық процесінің мектеп қажеттіліктеріне жедел ден қоюын, оның болжамды сипатын жаңа формациядағы мұғалімдерді даярлаудағы маңызды заңдылық деп есептейді.