Мақалада сандық оқыту мен тәрбиелеу дәуіріндегі педагогиканың дамуы туралы айтылады. Пандемия бүкіл әлем бойынша балаларды дәстүрлі оқыту тәсілін өзгертті. Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту технологияла- ры әлемнің 185-тен астам елінде негізгі білім беру технологиясы ретінде қолданылуда. Дүние жүзінде 1,5 мил- лиардтан астам баланың кенеттен онлайн оқтуға ауысуы қазіргі кездегі қашықтықтан оқыту технологиясының кейбір әлсіз тұстарын көрсетті, сонымен бірге біз бұл жағдайдан шығудың жолдарын қарастырудамыз. Кеңінен енгізілген қашықтықтан оқыту технологиясы сандық педагогика әдістемесі мен теориясының кейбір маңызды жақтарына түзетулер енгізуді талап етуде. Авторлар интернет-педагогиканы барлық жастағы студенттерге қашықтықтан оқыту мәселелерімен айналысатын және қоғамның барлық мүшелерінің цифрлық мәдениетін көтеретін педагогика ғылымының бір саласы ретінде ерекшелейді. Интернет педагогиканың коннотаты сандық педагогика, виртуалды педагогика, интерактивті педагогика және коммуникациялық педагогикаға қарағанда кеңірек.
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
интернет-педагогика; интернет-педагогика ұстанымдары; интернет-педагогика категориялары
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Карауылбаев С., Артюхина М., Жумабаева А., Муратова Г. Интернет-педагогиканың даму шекарасы // Педагогика және психология. – 2020. – № 2(43). – С.5–11: DOI: 10.51889/2020-2.2077-6861.01 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/46 (дата обращения: 22.11.2024)