Шығармашылық жоғарғы оқу орнының маманын дайындауда театрлық өнерінің ерекшеліктерін білу өте маңызды.Бұл мақаланың тақырыбы – театр пердесі, оны мәдени құбылыс ретінде театр дамуының түрлі тарихи дәуірлерінде қолдану аспектілері. Автордың театр пердесі туралы ақпаратты кез-келген театр қойылымының ажырамас элементі ретінде жүйелеу оның техникалық құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар театр спектаклінің кеңістіктік құрамы мен тұтастай алғанда көрермен залының рөлін терең түсінуге негізделген. Аталған ерекшеліктер мағыналық, географиялық, тарихи, саяси және функционалды сипатқа ие болуы мүмкін.
Әрине, зерттеу обьектісі ретінде театр пердесі – өнертану сынды ғылыми саладағы ең қызықты құбылыстардың бірі. Оның көзқарасы бойынша, театр пердесі жақсы сахнаны және көркемдік өрнекті іздеуде дамудың ұзақ жолын өтті, сол арқылы белгілі бір белгілер жүйесін ұсынды. Халықаралық деңгейдегі сахналар мысалында театр пердесі феноменін зерттеу қазақстандық театр қойылымдарының туындыларының генезисі мен қазіргі жағдайына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.