Бұл мақалада көтеріліп отырған басты мәселе - онлайн білім берудің тиімділігі. Кіріспеде білім берушілер мен білім алушылардың арасындағы қашықтықтан өзара әрекеттесу режиміне көшудің алғышарттары қарастырылады. Негізгі бөлімде оқытушылардың онлайн білім беру саласындағы сауаттылығын арттыру бағытында Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан техникалық университетінің әкімшілігі тарапынан жүргізілген іс -шаралар сипатталады. Open edX платформасының онлайн курстарының көмегімен, техникалық университетте тілдерді оқыту тәжірибесі баяндалады. Сонымен қатар, мақалада осы платформаның мүмкіндіктеріне талдау жасалған және өткен оқу жылында әзірленіп, оқу процесіне енгізілген курс сипатталған. Техникалық университетте тілдік пәндер аралас режимде сәтті беріліп келеді: Open edX платформасында құрылымдалып жинақталған материалдарды асинхронды түрде зерделеу және (Big Blue Button, Zoom, Google Meet) сәйкес платформалар арқылы өтетін әңгіме, конференция, семинар түрінде синхронды оқыту.
Онлайн білім: бүгінгі ақиқат (онлайн курстарды әзірлеу тәжірибемізден)
Жарияланған March 2022
							
							
 192
  120
Аңдатпа
																Тіл
														Русский
Кілтті сөздер
															онлайн білім беру
															онлайн формат
															жаңа технологиялар
															деңгейлік оқыту, тілдік білім
															оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас
															модульдік білім беру бағдарламалары
															қашықтық формалары
															онлайн оқытудағы интерактивтілік
													Дәйексөздерді қалай жазу керек
							Сурова Д., Сарсембаева А. Онлайн білім: бүгінгі ақиқат (онлайн курстарды әзірлеу тәжірибемізден) // Педагогика және психология. – 2022. – № 1(50). – С.188–200: DOI: 10.51889/2022-1.2077-6861.20 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/412 (дата обращения: 4.11.2025)
