Мақала математиканың ғаламдық маңыздылығын дәлелдейді. Математиканың супер ғылым екендігіне баса назар аударылады. Математикалық заңдар тек жаратылыстану ғылымдарына ғана емес, филологияға да қажет. Мысал белгілі бір саладан - тіл білімінен алынды. Тіл ережелері математикалық теориялардың көмегімен, дәлірек айтсақ, Эйлер математикасы ұғымдарының үйлесімділігімен дәлелденді.
Осыдан қорытынды жасалды: математикалық білімді дамыту қажеттілігін бізге өмірдің өзі қояды. Әрине, математика саласындағы білімнің дамуы осы пәнді сапалы оқытуға байланысты. Қазіргі әлемде АКТ -ны пайдаланбай сапалы оқыту мүмкін емес. Сондықтан мақалада колледждерде АКТ -ны қолдана отырып математиканы оқыту көрсетілген. Колледждерде математиканы оқытуға бағытталған зерттеулердің атаулары келтірілген. Бұл мәселеге ғалымдардың әр түрлі көзқарасы талданды. Әр зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар екендігі айтылды. Негізгі назар студенттердің дербестігіне аударылды және барлық әдістер оқушылардың дербестігіне есептелді, себебі бұл оқушыларға күрделі психикалық операциялар арқылы қиын тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.
Колледждерде студенттердің логикалық ойлауын дамытуда мысалдар мен қарсы мысалдарды ұсынудың маңызды рөл атқаратыны ерекше атап өтілді. Оларды әр бөлімде қолдануға болады. Содан кейін әдістемелік идеялар нақты мысалдармен бекітілді. Мақаланың соңында қорытынды жасалады.