Мақалада болашақ мамандардың медиабілімінің дамуына мінез-құлық дағдыларының әсерін зерттеу өзекті мәселе ретінде қарастырылған. Мінез-құлық дағдылары – іс-әрекет пен қарым-қатынастың айқын көрінісі екендігі негізделген. Болашақ мамандар өз тәжірибесінде теория мен практиканы ұштастыра отырып, кәсіби біліктерді меңгерумен қатар, шектен тыс көп ақпараттың ішінен қажеттісін тауып, оны талдап, тұжырымдап, өз тәжірибесінде жаңаша жүйеде қолдана білуі арқылы медиабілімі артатындығы дәлелденген. «Медиабілім», «Медиасауаттылық» және «Психологиялық денсаулық» ұғымдарының өзара байланысты екендігі анықталған. Медиа – тек ақпарат тасымалдаушы ғана емес, сонымен қатар ол ақпаратты қабылдау үрдісін де қамтамасыз ететіндігі талданған. Копинг – өмірлік мәселелерді шешуге дайындықты көрсететін және белгілі бір жағдайға бейімделуге бағытталған мінез-құлық түрі екендігі арнайы әдістеме арқылы көрсетілген. Әдістеме басым копинг-стратегияларды анықтауға мүмкіндік берді.
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ МЕДИАБІЛІМІНІҢ ДАМУЫНА МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
Жарияланған September 2021
164
182
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
мінез-құлық, медиа, медиабілім, медиасауаттылық, психологиялық денсаулық, күйзеліс, медиа мінез-құлық, копинг.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Алимбаева С., Сматова К., Мажибаев А. БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ МЕДИАБІЛІМІНІҢ ДАМУЫНА МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ // Педагогика және психология. – 2021. – № 3(48). – С.79–91: DOI: 10.51889/2021-3.2077-6861.09 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/256 (дата обращения: 18.12.2024)