Мақала мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жоғары білімге қалыпты оқушылармен теңдей қол жетімді болу мәселесіне арналған. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын кемсітуді жою мәселесі бүкіл әлем, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшін де өзекті. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қажетті білім беру жағдайларын жасаудың өзектілігі сөзсіз, әсіресе олардың психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, осы санаттағы жоғары білім алу мүмкіндігі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды университетке дейінгі дайындықта психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру, кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық кеңес беру. Зерттеу жұмысы барысында аралас зерттеу әдістері қолданылды: сапалық және сандық. Зерттеуге Алматы облысы мектептерінің 9-11 сыныптарының 100 әртүрлі аңғарымы бар мүмкіндігі шектеулі оқушылары қамтылды. Сауалнама нәтижелері арқылы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың университетке түсу қарама-қайшылықтары анықталды.
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЯРЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жарияланған September 2021
143
88
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
аңғарым; жоғары білім; мүмкіндігі шектеулі тұлға; қашықтықтан білім беру; инклюзивті білім беру
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Ержанова Г., Жакипбекова С., Шмидт М. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЯРЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ // Педагогика және психология. – 2021. – № 3(48). – С.71–79: DOI: 10.51889/2021-3.2077-6861.08 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/250 (дата обращения: 4.12.2024)