Оқыту жүйесіне қашықтықтан білім беру сервистерін енгізу қазіргі уақытта өзекті мәнге ие. Бұл мақалада орыс тілін (А1, А2 деңгейлері) оқитын шетелдік студенттерге арналған веб-платформа ұсынылған. Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың әдістемесі, тәсілдері мен әдістері келтірілген. Алынған практикалық тәжірибе цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқыту білім беру технологияларын біріктіруге және оның тиімділігін синхронды және асинхронды оқытуда арттыруға мүмкіндік беретінін куәландырады. Зерттеу лингвистикалық ғылымдағы модельдерге сүйенеді, бірақ бұл ретте оның ерекшелігі мен тәсілінің қазақстандық ғылымда баламасы жоқ. Мұндай веб-сайттың пайда болуы мұғалімнің басшылығымен шетелдіктерге жазу, сөйлеу, оқу және тыңдаудың негізгі дағдыларын дербес жетілдіруге мүмкіндік береді. Сабақтарда цифрлық сервистерді пайдалану материалды қолжетімді, көрнекі түрде ұсынуға ықпал етеді, бұл аралас оқыту форматында есте сақтау мен үлгерім сапасын арттыруға көмектеседі.
"Smart Study орыс тілін шет тілі ретінде тілден тыс орта жағдайында цифрлық білім беру кеңістігін дамыту контексінде" жобасы туралы
Жарияланған September 2021
152
70
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Түйінді сөздер: веб-платформа, цифрлық технологиялар, орыс тілі шет тілі ретінде, синхронды оқыту, асинхронды оқыту.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Malikova A., Fatkieva G., Gladkova E., Keldeshova O. "Smart Study орыс тілін шет тілі ретінде тілден тыс орта жағдайында цифрлық білім беру кеңістігін дамыту контексінде" жобасы туралы // Педагогика және психология. – 2021. – № 3(48). – С.123–130: DOI: 10.51889/2021-3.2077-6861.14 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/246 (дата обращения: 4.12.2024)