Әлемдегі суицидтік ахуал туралы ақпараттарда Қазақстан, Қытай, Ресейден кейін үшінші орынды иеленіпті. Жастар мен балалар арасындағы осы жағдай олардың тәрбиесіне мектепте, әсіресе бастауышта, мектепке дейінгі кезеңде назар аудару қажет екеніне жаңсайды. Осы кіші жастағы кезде олардың сана-сезіміне өзінің және басқалардың өмірін бағалауды орнықтыру, көпшіліктің назарын осы мәселеге аудару үшін, әлеуметтік педагогтардың оқушылар және ата-аналар, педагогтар қауымы және басқалармен жұмыс жоспарын түзіп оны іске асыру қажеттігі бар. Жасөспірім, жеткіншек жастағы балалар арасында девиантты қылықтарды жою, суицидтің алдаын алудың жолдары, біріншіден, мектепке дейінгі ұйымдарды әлеуметтік педагогтармен қамтамасыз ету; екіншіден, бастауыш мектеп оқушыларына жеке әлеуметтік педагог бекіту; үшінші, мектептердегі әлеуметтік педагогтың жұмыс жоспарында суицидтің және девианттың алдын алу шараларының орын алуы міндеттелуі тиіс.
Суицидтің алдын алу бойынша әлеуметтік педагогтың мектептегі жұмыс жоспары
Жарияланған June 2021
213
840
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Хамитова І., Атемкулова Н. Суицидтің алдын алу бойынша әлеуметтік педагогтың мектептегі жұмыс жоспары // Педагогика және психология. – 2021. – № 2(47). – С.67–78: DOI: 10.51889/2021-2.2077-6861.07 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/245 (дата обращения: 22.11.2024)