Аталған мақалада еліміздің білім саласына серпіліс берген, жаңаша форматтағы жүйе- жаңартылған білім бағдарламасы туралы айтылады.Яғни мақалада аталған бағыт бойынша атқарылған жұмыс түрлеріне қысқаша сипаттама беріліп,өміршеңдігі туралы жазылған. Зерттеу әдіснамасына сәйкес жалпы білім берудің негізгі миссиясының әрбір тарихи кезеңіне сипаттама берілген.Ары қарай қазақ ағартушыларының білім беру үдерісіндегі ұстанымдарының қазіргі таңда аталған жүйенің негізгі өзегі ретінде берілуі кеңінен баяндалады.Сонымен қатар бүгінгі таңда нәтижеге бағытталған білім туралы, ұстаздардан «Орта мектеп мұғалімдерінің жаңартылған білім беру жүйесі туралы ойлары» негізінде алынған ашық сауалнама дәйекті жауаптар арқылы өңделіп,нәтижесі диаграмма ретінде көрсетілді.Мақала келешекте білім алушылардың халықаралық білім аренасында өз орнын табу үшін, осы бағдарламаның жалғасы ретінде жасалатын қадамдармен қорытындыланады.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
жаңартылған білім
білім беру парадигмасы
құндылықтар
жаһандану процесі
пәнаралық байланыс.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Кушербаева М., Орақова А. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ // Педагогика және психология. – 2021. – № 3(48). – С.253–264: DOI: 10.51889/2021-3.2077-6861.28 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/232 (дата обращения: 21.11.2024)