Мақалада дипломнан кейінгі білім беру субъектілерінің зерттеу дағдыларын қалыптастыру мәселелері қарастырылған. Зерттеудің мақсаты жоғары сапалы зерттеу қызметін жүзеге асыруға дайындық ретінде дипломнан кейінгі білім беру субъектілерінің зерттеу дағдыларын қалыптастыру процесін теориялық негіздеу және әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады. Дипломнан кейінгі білім беру субъектілерінің зерттеу дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері ашылды. Критерийлер, көрсеткіштер анықталды: мотивациялық (зерттеу құндылығын түсіну, қызығушылық, зерттеу қызметін жүзеге асыру ниеті); когнитивті (ғылыми зерттеудің әдіснамасын, әдістерін және зерттеуді құру логикасын білу), әрекеттік (операциялық және жобалау біліктері), коммуникативтік (зерттеуді табысты жүргізу үшін командада жұмыс істей білу; зерттеу нәтижелерін ұсына білу) және зерттеу біліктерінің қалыптасу деңгейлері (ситуациялық-интуитивті, нормативтік-репродуктивті, шығармашылық-зияткерлік). Дипломнан кейінгі білім беру субъектілерінің зерттеу дағдыларын қалыптастыру деңгейін диагностикалау бағдарламасы ұсынылған. Зерттеу дағдыларын мақсатты қалыптастыруға ықпал ететін бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейінде оқыту нәтижелерінің сабақтастығымен элективті пәндер бағдарламасы әзірленді.
Постдипломдық білім беру субьектілерінің зерттеу дағдыларын қалыптастыру ерешеліктері
Жарияланған September 2021
109
60
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Абдигапбарова У., Терентьев Е., Сыздыкбаева А. Постдипломдық білім беру субьектілерінің зерттеу дағдыларын қалыптастыру ерешеліктері // Педагогика және психология. – 2021. – № 3(48). – С.196–210: DOI: 10.51889/2021-3.2077-6861.22 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/226 (дата обращения: 21.11.2024)