Бұл мақалада краудсорсинг көмегімен білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға стейкхолдерлердің қатысуын ынталандыру моделі ұсынылып, оның тиімділігі бағаланады. Зерттеудің өзектілігі білім беруде краудсорсингті қолданудың тиімділігін тексеруге бағытталған рандомизацияланған бақылаулы зерттеулердің жеткіліксіздігімен айқындалады. Осыған байланысты білім беру саласында краудсорсингті қолдану жөніндегі білім аясын кеңейту мақсатында зерттеу университетте іске асырылатын білім беру бағдарламаларын модернизациялауда краудсорсингті пайдаланудың тиімділігін өлшеуге бағытталды.
Зерттеуде сипаттамалық статистика, эксперттік бағалау, құрылымдық талдау әдістері, сондай-ақ ресурсоёмкость пен ресурсоотдачаны бағалау тәсілдері қолданылды. Зерттеу нәтижелері ұсынылған модельдің университет пен стейкхолдерлер арасындағы қарапайым әрі тиімді коммуникация мен ынтымақтастықты қамтамасыз ететінін, олардың білім беру бағдарламаларының сапасына қанағаттану деңгейінің жоғары екенін, краудсорсингтік желіні тиімді басқаруға және білім беру бағдарламаларын бірлесе жаңғыртуға мүмкіндік беретінін көрсетті.
Сонымен қатар, экономикалық тұрғыдан ресурсоотдачаның тиімділігі ресурсоёмкость артқан сайын төмендейтін дәстүрлі түсіндіруден айырмашылығы, зерттеу нәтижелері білім беру краудсорсингінде ресурсоотдачаның тиімділігі жоғары ресурсоёмкостьпен тікелей байланысты екенін көрсетті. Яғни, краудсорсингтік білім беру бастамаларының ресурсоёмкость деңгейі неғұрлым жоғары болса, оның ресурсоотдачасы соғұрлым тиімді болады. Басқаша айтқанда, ұсыныстар саны артқан сайын, олардың көбірегі қорытынды шешімдер пулына ену ықтималдығы жоғарылайды.
Ұсынылған әдіс білім беру саласында зерттеушілер мен практиктер үшін білім беру қызметтерін жетілдіру және түрлі оқыту форматтарының тиімділігін бағалау мақсатында жұмыс берушілердің қатысуын кеңейтуге қолданылуы мүмкін.

