Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Barriers to High School Students’ Acquisition of Linguo-Axiological Units and Challenges in the Formation of National Values

Жарияланған March 2026

0

0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіҚ
Аңдатпа

Қазіргі қоғамда өскелең ұрпақтың бойына ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарыту – білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып отыр. Осы тұрғыда тілдегі құндылықтарды зерттейтін лингвистикалық аксиология саласы қалыптасып, оны білім мазмұнына интеграциялау өзекті мәселелердің біріне айналды.

Жоғары сынып оқушылары жасөспірімдік шақтың соңғы кезеңінде өмірлік ұстанымдарын қалыптастырып, рухани-адамгершілік құндылықтарға ерекше қызығушылық танытады. Алайда жаһандану жағдайында ақпараттық кеңістіктің ашықтығы мен медиа ықпалы ұлттық құндылықтардың жастар санасында дұрыс орнығуына белгілі бір деңгейде кедергі келтіруде. Осыған байланысты қазақ тіліндегі лингвоаксиологиялық бірліктерді оқушыларға меңгерту тек тілдік білім берумен шектелмей, олардың тәрбиелік әлеуетін арттыруға да бағытталуы тиіс.

Мақалада жоғары сынып оқушыларының тілдік санасына ұлттық-мәдени құндылықтарды сіңіруге қызмет ететін лингвоаксиологиялық бірліктерді (мысалы, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, символдық мәнді сөздер) меңгерту барысындағы кедергілер психолингвистикалық тұрғыдан талданады.

Зерттеу мақсаты – осы кедергілердің табиғатын (когнитивтік, мәдени, психологиялық, тілдік-әлеуметтік, әдістемелік факторлар негізінде) айқындау және оларды жеңудің ғылыми-әдістемелік жолдарын ұсыну.

Зерттеудің міндеттері қатарында лингвоаксиология теориясының негіздерін қарастыру, құндылық ұғымының тілдегі көрініс ерекшеліктерін талдау, жасөспірімдердің психолингвистикалық даму сипаттарын ескере отырып, оқу үдерісінде кездесетін проблемаларды жүйелеу және тиімді шешу тәсілдерін ұсыну бар.

Зерттеу барысында 10–11 сынып оқулықтары мен оқу бағдарламалары талданып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне сауалнама жүргізілді (n=86). Сауалнама нәтижелері бойынша бес негізгі кедергі айқындалды: когнитивтік-концептуалдық, мазмұндық-мәдени, психологиялық-мотивациялық, тілдік ортаға және білім деңгейіне қатысты, әдістемелік кедергілер. Осы қиындықтарды жеңудің жолдары ретінде пәнаралық интеграция, ойын және шығармашылық әдістері, ұлттық-мәдени материалдарды қолдану, мотивациялық қолдау шаралары ұсынылды. Мақалада қазақ тіліндегі мақал-мәтелдер, фразеологизмдер және символдық сөздердің құндылықтық мазмұнын меңгертудің әдістемелік қырлары көрсетіліп, олардың тәрбиелік әлеуеті айқындалды.

pdf (English)
Тіл

English

Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек

Әлімжанқызы М.Г.Қ.Ө., Yessenova .K. Barriers to High School Students’ Acquisition of Linguo-Axiological Units and Challenges in the Formation of National Values // Педагогика және психология. – 2026. – № 1(66). – С.44–58: DOI: 10.51889/2960-1649.2026.66.1.005 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/2134 (дата обращения: 25.04.2026)