Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Оқу бағдарламалары-жоғары білім жүйесіндегі менеджментті жетілдіру құралы ретінде

Жарияланған March 2020

116

258

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Инновация жағдайында жоғары білім жүйесіндегі менеджментті жетілдірудің бір бағыты білім саласы менеджерлерін даярлау болып табылады. Білім саласы менеджерлерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруды білім саласындағы инновациялық өзгерістерге сәйкес жүзеге асыру қажеттілігі туындап отырғаны белгілі. Мақалада соңғы жылдардағы білім саласындағы менеджментті жетілдіру бағытындағы даярланған еңбектерге талдау жасай отырып, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде осы бағытта жүргізілген ғылыми жобаларға шолу жасалынған. Бұл еңбектерде білім саласы менеджерлерін даярлауға деген

қажеттіліктің артып отырғаны көрсетілген. Осы қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында дайындалған, маги- стратура мен докторантураға арналған «Білім берудегі менеджмент» оқу бағдарламаларына және «Жоғары білім жүйесіндегі менеджмент» атты элективті курс бағдарламасына сипаттама берілген «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес жаңартылған оқу бағдарламаларында білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру нәтижесі болашақ мамандардың моделі ретінде сипатталған. Болашақ маманның қызмет орын- дары, қызмет түрлері және білім алу нәтижелері көрсетілген.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Аганина Қ. Оқу бағдарламалары-жоғары білім жүйесіндегі менеджментті жетілдіру құралы ретінде // Педагогика және психология. – 2020. – № 1(42). – С.62–74: DOI: 10.51889/2020-1.2077-6861.08 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/21 (дата обращения: 21.11.2024)