Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Пәндік білімді интеграциялау негізінде оқушылардың әлеуметтік интеллектісін дамыту

Жарияланған September 2025

0

0

National Academy of Education named after Y.Altynsarin
Institute of Education Development named after A. Jami of the Academy of Education
National Academy of Education named after Y.Altynsarin
Аңдатпа

Мақалада білім беру үдерісіндегі метапәндік амал арқылы жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік интеллектісін қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Бұл ретте оқытуда белсенді формалар мен әдістерді қолдану маңызды құрал ретінде ұсынылады. Авторлар оқушылардың әлеуметтік интеллектісін дамыту мәселесінің өзектілігін негіздейді. Әлеуметтік интеллект – тұлғаның мектеп жасында қалыптасуында маңызды рөл атқаратын күрделі әрі көпқырлы әлеуметтік-психологиялық компонент ретінде сипатталады. Зерттеу барысында әлеуметтік интеллекттің құрамдас бөлігі ретінде оқушылардың әлеуметтік алаңдаушылық деңгейі (әлеуметтік бейімделуі) зерттелді. Экспериментке 8 және 9-сыныптарда оқитын 200 оқушы қатысты. Зерттеу үдерісінде сандық әдістер пайдаланылды. Констатациялық және бақылау кезеңдері Джеймс Г. Филлипс әзірлеген оқушылардың әлеуметтік алаңдаушылығын анықтау әдістемесіне негізделді. Қалыптастыру кезеңі мектептің табиғи оқу ортасында іске асырылған кешенді интегративті дамытушы бағдарлама шеңберінде жүргізілді. Кешенді интегративті дамытушы бағдарламаның ерекшелігі – пәндік білім мазмұнын интеграциялау мен белсенді оқыту әдістерін үйлесімді қолдануында. Зерттеу нәтижелері кешенді интегративті дамытушы бағдарламасы аясында пәндік білім мен белсенді оқыту тәсілдерінің тиімді үйлесімі оқушылардың әлеуметтік алаңдаушылығын азайтуға ықпал ететінін көрсетті. Бұл өз кезегінде мектеп оқушыларының әлеуметтік интеллектісінің дамуына жағымды әсер етеді.

PDF (English)
Тіл

English

Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек

Sapiyeva M., Kozhakhmetov N., Tastanova A. Пәндік білімді интеграциялау негізінде оқушылардың әлеуметтік интеллектісін дамыту // Педагогика және психология. – 2025. – № 3(64). – С.5–13: DOI: 10.51889/2960-1649.2025.64.3.001 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/2014 (дата обращения: 10.10.2025)