Ғылыми мақалада қазіргі қоғамда да өзектілігін жоғалтпаған экзистенциализм мәселесі қозғалған. Көптеген ғалымдардың зерттеу негізіндегі ғылыми пікірлері талқыланып, экзистенциализмге берілген психологиялық сипаттама мен оның басты ұғымдары талданған. Ғылым мен экзистенциализмнің ара қатынасын ашып, экзистенциалистердің: «Ғылыми тұрғыдан адамның болмысына үнілуге болмайды», – деген тұжырымдамаларын қазақ жазушысы О.Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау арқылы дәлелмен толықтырған. Экзистенциалист адамның болмысын ғылыми тұрғыдан зерттеп көруге болмаса да, шығармадағы экзистенциалист кейіпкерлердің іс-әрекеттерін ғылыми түрде топтастырған, образдардың психологиялық ойлау бірізділігін көрсеткен. Образдардың қоғамды жатсынып, оны қабылдамай, өз әлемдерінде өмір сүруі – күрделі психологиялық үдеріс екендігіне тоқталған. Бұл мәселенің шешу жолдарын кейіпкерлердің әрекетін талдай отырып, табуға тырысқан. Мақаланың ғылыми негізі де осында. Экзистенциализм адам өмірінің екі түрін қарастырады: жалған және шын. Алғашқысына адамның күнделікті тіршілігін, ал кейінгісіне оның әлеуметтік қатынастардан қол үзіп, ешкімге тәуелсіз, ішкі табиғатын тыңдап өмір сүруі жатады. Автор мақаласында бұл мәселенің шешу жолы рухани байлықта екенін дәлелдеуге тырысқан.
О.Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі адамның экзистенциалдық мәселесі
Жарияланған June 2021
256
150
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
экзистенциализм; адам; жалғыздық; қоғам; психология
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Болкенбаева А., Ертисова З. О.Бөкейдің «Атау кере» повесіндегі адамның экзистенциалдық мәселесі // Педагогика және психология. – 2021. – № 2(47). – С.242–248: DOI: 10.51889/2021-2.2077-6861.28 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/201 (дата обращения: 27.11.2024)