Алдыңғы айқастүрлес сіңірдің (ААС) жарақаттануы адамның аяқ бөлігінің ауыр жарақаттарының бірі болып табылады да, оның зардаптары спортшының спортқа кеш оралуына, психологиялық тұрғыда жастардың спортқа деген теріс көзқарасын және кейінгі жылдары өмір сүру қабілеттілігіне кері әсерін тигізеді. Алдыңғы зерттеулерде көрсетілгендей, жамбас бұлшық еттері мен тізе буынының вальгустік сәттерінің (VM) өзара қимыл-әрекеттері анықталған-ды. Мына зерттеулерден кері созылатын жамбас-сан буыны мен сыртқы айналдырғыш күшінің төмендеуі арқылы ААС жарақат алу қауіптілігі факторы жайлы нәтиже шығаруға болады, алайда, орта мектеп жасындағы оқушылар арасында мұндай зерттеулер жүргізілген жоқ. Кері созылатын жамбас бұлшық еттердің жылдам-қатқыл қимыл-әрекеттері мен сыртқы айналдырғыштардың ерікті түрдегі изометриялық барынша қысқаруын орындау барысында 271 оқушы қыздардың (оның ішінде, 9-12 жастағы 174 қыз) ақпараттары жиналды. Жаттықтыру және жауапты жарыстар кезінде жарақат алған айналысушылардың психологиялық хал-ахуалдарын да ескерген абзал. Біздің нәтижелерімізде көрсетілгендей, бұл жастық топта жамбас бұлшық еттерінің арасында анықталған қандай да бір мәні бар корреляция жылдам-қатқыл қимыл-әрекеттер кезінде тізе буындарының VM-на ешбір әсер ете алмайды. Оны жасы келген адамдар арасында өткізілген көптеген алдыңғы зерттеулердің нәтижелерінен ақ білуге болады.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың жылдам-қатқыл серпу жаттығуларын жасау кезіндегі алдыңғы айқастүрлес сіңірдің (ААС) жарақаттануымен байланысты биомеханика бойынша жамбас күшінің ықпалын педагогикалық бақылау (дене тәрбиесі мұғалімдері мен спорттық педаг
Жарияланған March 2021
149
142
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
ААС; жарақаттарды алдын-алу; жылдам-қатқыл қимыл-әрекеттер; жамбас-сан бұлшық еттер күші; биомеханика; педагогикалық бақылау
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Petrovic M., Puzovich V., Ramos J., Skrkar S., Seisenbekov Y. Орта мектеп жасындағы оқушылардың жылдам-қатқыл серпу жаттығуларын жасау кезіндегі алдыңғы айқастүрлес сіңірдің (ААС) жарақаттануымен байланысты биомеханика бойынша жамбас күшінің ықпалын педагогикалық бақылау (дене тәрбиесі мұғалімдері мен спорттық педаг // Педагогика және психология. – 2021. – № 1(46). – С.140–146: DOI: 10.51889/2021-1.2077-6861.19 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/194 (дата обращения: 22.11.2024)