Мақалада теория мен тәжірибедегі заманауи жасөспірімдердің өмірлік мәнді құндылықтары проблемасы көрсетілген. «Өмірлік мәнді құндылықтар» жеке тұлғаның өмірімен байланысты жалпыланған ұмтылыстар жүйесі ретінде түсіндіріледі. Олар дамыған түрде оның рухани-адамгершілік өзіндік тұжырымдамасын, өз мақсатын іздеуді және соған сәйкес мінез-құлықта, белсенділікте және қарым-қатынаста жүзеге асырылатын өмір салтын сипаттайды. Жасөспірімдердің өмірлік мәндік құндылықтарын тәрбиелеу тұжырымдамасына әдістемелік, теориялық және практикалық түсініктер кіреді. Қазіргі жасөспірімдердің өмірлік мәнді құндылықтарын тәрбиелеу үдерісі жүйелік, синергетикалық, аксиологиялық, гуманистік, жеке тұлғаға бағытталған, құзыреттілікке негізделген ғылыми тәсілдерге негізделген. Талдау, жалпылау, сауалнама, сұхбат, этикалық әңгіме, педагогикалық бақылау сияқты зерттеу әдістерін қолдану жасөспірімдерде өмірлік мәннің құдылықтарды тәрбиелеудегі өзгерістер және педагогикалық жағдайлардың, формалар мен артықшылықтарды, қолданылатын тәрбие әдістерді көрсетуге мүмкіндік берді.
Заманауи жасөспірімдердің өмірлік мәні: теория мен тәжірибесі
Жарияланған March 2021
309
211
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Zhurba E. Заманауи жасөспірімдердің өмірлік мәні: теория мен тәжірибесі // Педагогика және психология. – 2021. – № 1(46). – С.132–139: DOI: 10.51889/2021-1.2077-6861.18 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/193 (дата обращения: 22.11.2024)