Мақала болашақ бастауыш білім педагогтерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде педагогикалық диагностика жүргізуге дайындау мәселесіне арналған. Зерттеудің негізгі идеясы – университеттерде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы болашақ бастауыш білім педагогтерін педагогикалық диагностика жүргізуге дайындау мүмкіндіктерін анықтау. Ғылыми әдебиеттерді зерттеу негізінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы бастауыш білім педагогтерін педагогикалық диагностикаға дайындаудың қазіргі жағдайына талдау жүргізіліп, оның өзектілігі анықталды. Алматы қаласындағы № 185 орта мектептің ілім беру педагогтері арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды педагогикалық диагностика жүргізуде пайдалану мүмкіндіктері туралы пікірлерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері болашақ бастауыш білім педагогтерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде педагогикалық диагностикаға дайындауда ескерілуі қажет мүмкіндіктерді көрсетті.
Bolashaq bastauysh synyp mugalimderin pedagogikalyq diagnostikaga AKT paydalanu arqyly dayyndau
Жарияланған June 2025
36
11
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Ziyabekova B., Zhumabaeva A. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін педагогикалық диагностикаға АКТ пайдалану арқылы дайындау // Педагогика және психология. – 2025. – № 2(63). – С.123–131: DOI: 10.51889/2960-1649.2025.63.2.012 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1901 (дата обращения: 1.06.2026)

