Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланған January 2025

1

0

НАО «Южно-Казахстанский университет имени М.Ауэзова»
Gazi University
«M. Auezov South Kazakhstan University»
Аңдатпа

Мақалада авторлар волонтерлік қызмет негізінде болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін қарастырады. Шетелдік және отандық педагог-ғалымдардың, зерттеушілердің кәсіби құзыреттілік мәселелеріндегі еңбектеріне шолу жасалды. «Кәсіби құзыреттілік» ұғымы талдап, болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігіне сипаттама берілді. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жоғары білімге қойылатын маңызды талаптардың бірі болып табылады, өйткені ол студенттің білім беру процесін жобалау, инновациялық идеяларды қалыптастыру, зерттеу және әлеуметтік дағдыларды дамыту, ресурстар мен уақытты басқару қабілетіне бағытталған.

Болашақ педагогтердің бойында жоғарыда аталған қасиеттерді қалыптастыру мақсатында зерттеу тобының алдында қазіргі жастар үшін қызметтің тиімді түрлері мен нысандарын іздеу мәселесі туындады. Зерттеу тобының пікірінше, болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы бейресми білім берудің тиімді тәсілі студенттерді еріктілік қызметке белсенді тарту болып табылады. Өйткені, волонтерлікті кәсіптік күйіп қалу қаупін азайтуға, таңдалған кәсіптің көңілін қалдырмауға және кәсіби траекторияны қате таңдауға ықпал ететін құрал ретінде қарастыруға болады. «Волонтерлік», «волонтерлік қызмет», «педагогикалық волонтерлік» сипаттамалары берілген.

Болашақ педагогтердің волонтерлік қызметке тартылу дәрежесін анықтау үшін «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1-4 курс студенттерімен сауалнама жүргізілді (N=100). Нәтижелер бойынша, болашақ педагогтердің волонтерлікке оң көзқарас танытып, оның маңыздылығын түсінетінін көрсетті. Сонымен қатар, олар волонтерлік қызмет барысында кездесетін бірқатар қиындықтарды аталды, мысалы, бағыттарды жеткіліксіз білу және көмекке мұқтаж адамдардың әртүрлі санаттарымен өзара әрекеттесудегі практикалық тәжірибе туралы айтылды. Арнайы шаралар жүйесін жасап, осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігін көрсетеді.

PDF (English)
Тіл

English

Кілтті сөздер
Дәйексөздерді қалай жазу керек

ABDIKALIKOV B., GELISLI Y.., USSENOVА A. ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ // Педагогика және психология. – 2025. – № 4(61). – С.126–133: DOI: 10.51889/2960-1649.2024.61.4.015 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1837 (дата обращения: 15.01.2025)