Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Балалар кітабының әлемі: иллюстрация таным жолы ретінде зерттеу

Жарияланған March 2021

263

184

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада балалар кітабындағы иллюстрацияның рөлін зерттеуге арналған, мұнда  мәтін мазмұнын тануының көрнекі жолы ретінде қарастырылады. Автор иллюстрацияның тарихи ретроспективада дамуын қарастыра отырып, оның жаңа стильдерді, жаңа тенденцияларды, жаңа суретшілерді қабылдай отырып, дәуірден-дәуірге қарай өзгерген ерекшеліктері мен бағыттарын бөліп көрсетуге тырысады.

Сонымен бірге автор ғылыми жазушылардың талдауларына сүйене отырып, балалар үшін кітаптың иллюстрациялауы маңызды, ал жасөспірімдер үшін иллюстрациялау кітаптың мәтіннен де маңызды деген тұжырымға келеді.Балалар кітабындағы иллюстрация, мейлі ол оқу немесе көркем болсын, әрқашан мәдениеттің әмбебаптығы жүйесіне енетін танымның өзіндік визуалды жолы болып табылады. Міне, суретші-иллюстратордың міндеті балалар мен жасөспірімдердің кітап арқылы алған білімдерін динамикалық кеңейту. Қазіргі заманғы балаларды цифрлық дәуірде гаджеттерге деген құштарлық дәуірінде оқуға баулу әсіресе маңызды болып табылады, мұнда иллюстрация, оның сапасы мен орындау шеберлігі, тартылыс күші маңызды рөл атқарады.

Автор иллюстрациялық  мәтінді түсіндіріп қана қоймай, оны визуалды бейнелерінде байыта түсетініне сенімді, мұнда суретші мәтінге деген көзқарасын көрсетеді, жазушы немесе ақынның ойларын дамытады немесе толықтырады, мәтінді визуалды суреттермен байытады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Shalenova M., Kosherbayev Z. Балалар кітабының әлемі: иллюстрация таным жолы ретінде зерттеу // Педагогика және психология. – 2021. – № 1(46). – С.113–120: DOI: 10.51889/2021-1.2077-6861.15 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/183 (дата обращения: 22.11.2024)