Бұл мақалада шетелдік тәжірибеге баса назар аудара отырып, Қазақстан контекстінде қызметін алғаш бастаған педагогтердің кәсіби дамуы мәселесі қарастырылады. Авторлар шетелдік оқыту жүйелерінің негізін құрайтын негізгі элементтерді және қызметін алғаш бастаған педагогтерді дамытуды талдайды. Тәлімгерлік қағидаттарына, мамандыққа бейімделуге және енгізуге, сондай-ақ кәсіби өсуді ынталандыру тетіктеріне назар аударылады. Барлық жүйелер қызметін алғаш бастаған педагогтердің кәсіби дамуына жеке-бағдарланған көзқараспен, дамудың қол жетімді ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайларымен, икемділігімен, оқытудың әр түрлі формалары мен мазмұнымен сипатталатындығы атап өтілді. Бұл тәсіл қызметін алғаш бастаған педагогтердің кәсібилігін, олардың оқушыларға нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес сапалы және тиімді оқытуды қамтамасыз ету қабілетін арттыра алады.
Әр түрлі елдердің тәжірибесін Қазақстандағы қызметін алғаш бастаған педагогтердің кәсіби даму жүйесінің қазіргі жағдайымен салыстыра отырып, мақала табысты тәжірибелерді қазақстандық білім беру ортасына интеграциялау үшін бірқатар ұсыныстар ұсынады. Қазақстанда білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, қызметін алғаш бастаған педагогтердің кәсіби дамуына жүйелі көзқарас қажет.