Бүгінгі таңда көптеген зерттеулер коронавирустық індеттің қазіргі жағдайы стресстік және адамдардың психологиялық денсаулығына, көзқарасы мен психологиялық әл-ауқатына теріс әсер етеді деген негізгі ұстанымнан туындайды. Осыған байланысты біз пандемия кезінде Нұр-сұлтан қаласының 20-37 жас аралығындағы тұрғындарының психологиялық әл-ауқатының деңгейін және өмірге қанағаттанушылығын зерт- теу туралы шешім қабылдадық. Психологиялық әл-ауқат психологиялық саулықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі болғандықтан, эпидемиологиялық қауіп кезеңінде бұл зерттеу психологиялық тұрақтылық пен жалпы қоғамның психологиялық тұрақтылық факторларын бейнелеуде ерекше өзекті болып табылады. Зерттеу екі кезеңнен тұрды, оған 600 адам қатысты. Зерттеу әдістері бірінші және екінші карантин кезіндегі психологиялық саулық деңгейін және өмірге қанағаттанушылықты анықтауға бағытталған, алынған мәліметтер карантиннің екінші кезеңінде психологиялық саулық көрсеткіштерінің жоғарылау ерекшелігін көрсетті.
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Исаханова А. Пандемия кезеңіндегі психологиялық саулық // Педагогика және психология. – 2020. – № 4(45). – С.15–22: DOI: 10.51889/2020-4.2077-6861.02 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/160 (дата обращения: 21.11.2024)