Мақала бастауыш білім беру жүйесінде нейродидактикалық контент әзірлеу арқылы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой әрекетін дамыту мәселесіне арналады. Ғылыми әдебиеттерді зерттеу негізінде нейропедагогика, нейродидактиканың қазіргі жағдайына талдау жасалып, әлемдік және отандық білім беру бағдарламасында, оқу үдерісінде нейродидактикалық контентті қолдану тәжірибесі қарастырылды. Бастауыш сыныптың оқу үдерісінде нейрожаттығулар, нейротапсырмалар секілді нейродидактикалық контентті қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой әрекетін дамыту мәселесінің өзектілігі анықталды.
Республикамыздың әр түрлі аймақтарында қызмет атқаратын бастауыш сынып мұғалімдерімен жүргізілген сауалнама нәтижесі мұғалімдердің нейродидактикаға деген қатынастары мен көзқарастарының оң екендігін көрсетті. Олардың ойынша нейродидактикалық контент пен миға негізделген оқыту стратегиялары, тәсілдері оқушылардың ақыл-ой әрекетінің дамуы мен белсенділігін арттыруға мүмкіндік туғызады.