Аутизм спектрінің бұзылысымен ауыратын балалар саны күн санап артып келеді. Алайда бұл бұзылысты түзету мақсатында соңғы кездері Қолданбалы мінез-құлықты талдауды (АВА терапиясы) кеңінен қолдануда. ABA қағидаттарына негізделген ерте араласудың бірқатар модельдері аутизм спектрінің бұзылысы бар балаларды оқыту үшін оқу бағдарламасымен қамтамасыз етеді. Солардың бірі әрі аутист баланың сөйлеу тілін дамытатын Б.Ф. Скиннердің Вербальды мінез-құлықты талдау модельі. Вербальды мінез-құлық (The Verbal Behavior немесе VB) тәсілі ABA зерттеулеріне негізделіп, баланың функционалды тілді үйрену қабілетін арттырады. Бұл әдіс аутизм және онымен байланысты бұзылулары бар балалардың сөздерді қалай айтқанына ғана емес, баланың сөйлеуді қандай мақсатта қолданылуына да назар аудара отырып, сөйлеу тілін қалыптастыру және оны дамытуға мүмкіндік беруін қарастырады. Бұл мақалада аутизмі бар балада сөйлеу тілін дамытуда АВА негізделген Вербальды мінез-құлықты қолдануды теориялық талдап, ерекшеліктерін сипаттауға тырысады.
АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН АВА ТЕРАПИЯСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған December 2023
102
123
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Аутаева А., Бекмурат А., Меирбекова А. АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН АВА ТЕРАПИЯСЫ АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ // Педагогика және психология. – 2023. – № 4(57). – С.111–119: DOI: 10.51889/2960-1649.2023.15.4.002 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1460 (дата обращения: 21.11.2024)