Қазіргі таңда қоғам алдында тұрған басты құндылықтардың бірі орнықты даму және қоршаған
ортаны қорғау бағытына жұмылдырылған әректтерді өзгерту үшін жоғары сапалы экологиялық білім беру бағдарламаларына мұқтаж. Білім алушылардың экологиялық білім деңгейін сауалнамалар арқылы бағалау осы білім беру бағдарламаларын жетілдірудің өте тиімді әдісі болып табылады және олардың мақсаттары мен міндеттерінің көпшілігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Студенттердің экологиялық
білімін бағалау әдістерінің ішінде сауалнама алу экологиялық білім беру бағдарламаларын жүзеге
асыратын мекемелерде ең тиімдісі болып табылады. Бұл мақалада білім алушылардың экологиялық
сауаттылығын арттыру және экологиялық білімді дамытудың теориялық және тұжырымдамалық негізі болып табылатын сауалнама нәтижелері ұсынылып отыр. Сауалнама 10 сұрақтан қамтылған. Сауалнамаға 230 білім алушы қатысты. Сауалнама нәтижесінде студенттер қоршаған ортаны қорғау және жасыл университет құру, экологиялық білім беру мәселелеріне талдау жасалды. Жалпы сауалнамаға сәйкес,
Абай университетінің студенттері жаңа заманауи, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы экологиялық білім алуға мүдделі және табиғатты қорғау шараларына белсене қатысқысы келетіндігі анықталды.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮШІН ИННОВАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАСЫЛ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ
Жарияланған August 2023
150
136
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
Keywords: environmental education; green university; environmental activity; ecological culture; environmental consciousness.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Seilkhan A., Aksoy A. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮШІН ИННОВАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАСЫЛ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ // Педагогика және психология. – 2023. – № 2(55). – С.63–70: DOI: 10.51889/2077-6861.2023.30.2.028 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1451 (дата обращения: 21.11.2024)