Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Әл-Фараби мен Абайдың ғылыми-педагогикалық сабақтастығы

Жарияланған December 2020

97

169

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Бұл мақалада әл-Фараби мен Абайдың мұрагерлік сабақтастығы туралы мәселелер қарастырылған. Мақала авторлары екі арыстың негізінен ғылыми-педагогикалық, қала берді діни-философиялық, музыка, поэтикалық, тарихи-этнографиялық мазмұндағы сабақтастылығы, байланыстылығы, тамырластығы төңірегінде тоқталған. Мақалада А.Көбесовтің Абай мен әл-Фарабидің жалпы педагогикалық ойларын, педагогикалық жүйелерінде тәрбие мен тәлім, білім мәселелерін бірін-бірі толықтырушы, ажырамас, диалектикалық бірлікте және олар- ды адамзат қауымдастығымен қабыстыра қарастырып, олардың ғылыми- педагогикалық сабақтастығын айқындағандығы көрсетілген. Сонымен қатар, әл-Фараби мен Абайдың мұрагерлік сабақтастығы ауқымына енетін «Поэтикалық сарындастық», «Музыка туралы ой-толғамдар»,«әл-Фараби мен Абай шығармаларындағы жанрлық жақындықтар», «Діни-философиялық тамырластықтар», «Түркі тарихы мен этнографиясы хақындағы пайымдар» атты ғылыми-педагогикалық сабақтастық саласына жақын пән салалары бойынша педагогика-дидактикалық зерттеулер жүргізуге қажетті терең де, зерделі алғышарттар болатындай өзіндік зерттеулердің маңыздылығына мән берілген.

pdf