Мақалада интеллектуалдық дамуында бұзылыстары бар балаларды оқытудың коррекциялық-педагогикалық оқу процесінде мультимедиялық технологияларды қолданудың тиімділігін эксперименттік түрінде зерттеу сипатталған. Теориялық ережелерді талдау барысында мультимедианың коррекциялық-дамыту мүмкіндіктеріне көп көңіл бөлінеді, мультимедиялық технологиялардың интерактивтілігі, икемділігі, көп функционалдығы, тұлғалық бағдарлануы сияқты бірегей ерекшеліктері интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларды оқыту үдерісін дараландыруға және білім беру сапасын арттыру өте пайдалы болатыны айтылады. Мультимедия технологияларын қолдану тиімділігін тексеру мақсатында осы санаттағы балалардың кейбір маңызды танымдық қабілеттерін (ойлау, есте сақтау, зейін) дамыту және түзете-дамыту іс-әрекеті мысалында зерттеу жүргізілді. Эксперимент нәтижелері жоғарыда айтылған болжамдарды растады және интеллектуалдық дамуында жеңіл бұзылыстары бар кіші жастағы оқушылармен жұмыс істеуде мультимедиялық технологияларды қолданудың педагогикалық шарттарын анықтауға көмектесті.
Инклюзивті білім беру ортасын дамыту үшін цифрлық платформаны пайдалану
Жарияланған December 2023
152
116
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Абаева Г., Исалиева С., Алимович С., Бутабаева Л. Инклюзивті білім беру ортасын дамыту үшін цифрлық платформаны пайдалану // Педагогика және психология. – 2023. – № 4(57). – С.105–111: DOI: 10.51889/2960-1649.2023.15.4.007 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1413 (дата обращения: 27.11.2024)