Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

ЖОО-ның дамушы білім беру ортасын жобалауда цифрлық технологияларын қолдау

Жарияланған December 2020

123

117

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада ғылыми – білім беру үдерісіне цифрлық және қашықтықтан технологияларды енгізу мәселесі, сонымен қатар оқытушылардың цифрлық сауаттылығы мен құзыреттілігін дамыту мәселелері көтерілген. Авторлар Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан сандық білім берудің әртүрлі жобаларын бөліп көрсетуге, педагогикалық кадрларды даярлау бойынша әртүрлі ғылыми семинарлар мен вебинарларға мысал келтіруге, осы бағыттағы шетелдік зерттеулерге, онлайн оқытудың ұйымдастырылуына, мазмұны мен оқыту әдістеріне әсерін талдауға тырысты. Аралас оқыту стратегиясының иллюстрациясы ретінде жыл сайынғы «Жас зерттеуші» Оқушылар және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстар онлайн-форматтағы байқауының тәжірибесі көрсетілген. Мақалада байқаудың негізге ережелері, алгоритмі және синхронды оқытуға негізделген қашықтықтағы технологияларды қолдану арқылы байқау ұйымдастыру сипатталған. Авторлар ғылыми іс-шараның айрықша ерекшеліктерін атап өтіп, тұрақты кері байланыс пен байқау модераторларының әдістемелік көмек көрсетуге дайындығы қатысушылар арасында зерттеу қызметіне тұрақты мотивация туды- рады деген қорытындыға келеді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Исалиева С., Момбек А., Улдахан Ш. ЖОО-ның дамушы білім беру ортасын жобалауда цифрлық технологияларын қолдау // Педагогика және психология. – 2020. – № 4(45). – С.221–228: DOI: 10.51889/2020-4.2077-6861.27 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/141 (дата обращения: 21.11.2024)