Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби мамандыққа дайындаудағы инновациялық іс-әрекеттің мамзмұндық деңгейін анықтау

Жарияланған December 2023

95

80

Жетысуский университет имени И.Жансугурова
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Калибек Ыбыраимжанов

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Аңдатпа

Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда сапалы білім беруді ұйымдастырудағы инновациялық іс-әрекетке заманауи білім беру мен әдістемлік мәселелер тұрғыснан келуді қарастырады. Болашақ мұғалімнің кәсіби әрекетіндегі инновациялық мүмкіндіктерін қалыптастыру мен дамытудағы қазіргі білім беру жүйесінің өзекті зерттеу мәселесі ретінде ашыуға, талдауға бағытталып, өзіндік пікір мен ой қорытындылары берілген. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық кәсіби іс-әрекетін мазмұндық деңгейін анықтауға байланысты зерттеу кезеңдерінің бірі қарастырып, мазмұндық деңгейінің нәтижелерін талдауға арналған. Авторлар нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып жәнеқазіргі педагог мамандарды даярлаудағы теориялар мен әдістемелік мазмұндағы білімді, білікті және мұғалімге тән заманауи құзыреттіліктерді соның ішінде, инновациялық іс-әрекетке кәсіби маман ретінде бейімделудің қажеттілігін негіздеуге бағытталаған. Зерттеу әдістемесі болашақ бастауыш сынып мұғалімдерді даярлау мәселесінің теориялық және әдіснамалық негіздерін жүйелеу, жаңа форматта (PhD) дайындалған ғалымдардың еңбектерін талдау негізінде таңдалған. Талдау нәтижесінде болашақ мамандарды даярлауда студенттердің инновациялық іс-әрекеттері негізіндекәсіби қалыптасу траекториясына серпін болатын бағыттарын талқылайды. Сондай-ақ, мақала авторлары зерттеу жұмыстың мазмұндық деңгейін анықтау мақсатында  «Инновациялық кәсіби іс-әрекет жайлы не білесіз» атты авторлық сауалнама әзірлеп, іске асырды. Мақалада 6В130100 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасының 123 студенттер қатысып, болашақ кәсіптеріндегі инновациялық іс-әрекетінің қажеттілігі жайлы түсініктері мен мазмұндық деңгейінің нәтижелеріне талдау берілген. Сауалнама нәтижелерін талдай отырып, білім алушылар «кәсіби іс-әрекет», «инновациялық әрекет» ұғымдарының мағынасын түсінуде қиындыққа тап болғаны, оқу үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануға деген ынтасының бар екендігі, бірақ жаңашыл технологиялар туралы білімнің төмендігі анықталды, сондай-ақ мұғалімнің кәсіби өсуіне инновациялық әрекеттің қажет екенін және оны дамыту керектігі туралы тұжырымдар жасалды. Зерттеу нәтижелері эмпирикалық әдістер негізінде ұйымдастырылған.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Баймухамбетова К., Ibyraimzhanov K. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби мамандыққа дайындаудағы инновациялық іс-әрекеттің мамзмұндық деңгейін анықтау // Педагогика және психология. – 2023. – № 4(57). – С.50–57: DOI: 10.51889/2960-1649.2023.15.4.004 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1377 (дата обращения: 21.11.2024)