Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Болашақ мұғалімдердің полилингвалдық құзіреттілігін қалыптастыруға ЖОО педагогтарының дайындығын дамыту

Жарияланған December 2020

126

144

Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті
Аңдатпа

Бүгінгі таңдағы білім берудегі жаһандану жағдайында ЖОО-да болашақ мамандар даярлау үрдісінде ең тиімді тұғырлардың бірі көптілді оқыту болып табылады. Аталмыш тұғырды жүзеге асыру үшін көптілді оқыту аспектісінде ЖОО оқытушыларының құзыреттілік ауқымын анықтау қажет; пәндік-тілдік интеграцияланған оқытуға ЖОО оқытушыларының қызығушылығын және мотивациясын қалыптастыру; көптілді білім беру тұрғысында ЖОО оқытушысының оқыту мазмұнын құру қағидаларын анықтау; ЖОО оқытушылары үшін

«Полилингвалды тұғыр негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында арнайы семинар ұйымдастыру. Арнайы семинардың мақсаты – құзыреттілік және көптілділік тұғырлар бойын- ша оқытушылардың дайындық деңгейін арттыру болып табылады. Дәрістер және семинар курстары 36 сағат аудиториялық сабаққа есептелген және келесі міндеттермен анықталады: пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту технологиялары мен әдістемесін, модельдерді қолдану дағдысын және білім, біліктерін қалыптастыру; оқытушылардың қызығушылығын және шығармашылығын дамыту; пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту технологиялары мен әдістерін пайдалануға дайындығын қалыптастыру; полингвалды тұғыр негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру қабілетін дамыту; полингвалды тұғыр негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың нәтижелілігін диагностикалау, талдау және бағалау біліктерін дамыту.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жорабекова А., Абилхаирова Ж. Болашақ мұғалімдердің полилингвалдық құзіреттілігін қалыптастыруға ЖОО педагогтарының дайындығын дамыту // Педагогика және психология. – 2020. – № 4(45). – С.178–186: DOI: 10.51889/2020-4.2077-6861.22 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/136 (дата обращения: 27.11.2024)