Бұл зерттеу мақалада Қарахан дәуіріндегі белгілі тұлғалардың шығармаларын оқыту арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін қалыптастыру және дамыту жолдары қарастырылады. Қарахан дәуіріндегі тұлғаның шығармашылығын белсендіруге байланысты дастандардағы ойтанымды, даналық ойларды талқылауға, дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдер көрсетілген. Пәнді оқытуда ортағасырлық түркі мәдениетінің, қазір әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған ұлы шығарма-Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінің» сырлы сюжеті, оның ішінде қазақ жерінде осыдан он ғасыр бұрын ғұмыр кешкен халықтардың сана-сезім,салт-дәстүрлерін генезисін қолмен қойғандай айқын меңзеп беретінін логикалық пайымдаулар арқылы ашып көрсетуге арналған дастандарды оқыту әдістемесінің өзіне тән белгілері мен ерекшеліктері де баяндалады. Студенттердің Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанын оқу арқылы рухани құндылыққа, көркем әдебиетке деген қызығушылығы арта түседі. Білімалушылар оқыған сайын қарапайым даналығымен таңдандырып үйіре беретін дастаннан халықтың елдігін, өнерін, мәдениеті мен әдебиетінің, тарихы мен философиясының генезисин ұғынады. Осы маңызды мәселелерді қарастыра келгенде, эпикалық дастанды оқыту арқылы, олардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, дамытуға толықтай жағдайы жасалынуы қажет.
Ж. БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған June 2023
118
71
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
Дәуір, Қарахан, әдебиет, рухани құндылықтар, генезис, эпика, поэтика, даналық, өнер, мәдениет, әдебиетті оқыту.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
Айтенова Д., Ченгел Х.К.., Мынбаева А., Халикова Н., Байтенова А. Ж. БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК» ДАСТАНЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ // Педагогика және психология. – 2023. – № 1(54: DOI: 10.51889/2077-6861.2023.1.30.027 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/1334 (дата обращения: 22.11.2024)