Әдебиеттану ғылымында Сыр сүлейлерінің шығармалары туралы зерттеулер түрлі жаңа бағыттардың бірлесіп, тың еңбектердің жазылуына себеп болып жүргенін байқап жүрміз. Мақалада Сыр сүлейі Т.Ізтілеуов шығармаларындағы танымдық қор мен ұлттық тәрбие көріністері айқындалады. Басқаша айтқанда, ұлттық тәрбиенің ұлт психикасына, ондағы ой орамдарына әсері, ғибраттық үлгісі кең ұғымда тұтас алынып, тәрбие кілті ретінде түсіндіріледі.
Жас ұрпақтың сөз арқылы дүниетанымы мен көзқарасын қалыптастырып, ұлтжанды етіп тәрбиелеу қарастырылады. Демек, Т.Ізтілеуовтің толғау-термелері, мысалдары мен айтыстары, дастандарындағы тағлымдық ойлар мен өсиеттік үлгілер - ұлт рухының жыр үлгісіндегі көрінісі екені сараланады.
Сыр сүлейлері шығармаларында ұлтымыздың тұтастай мәдениеті, тарихы, тәрбиесі сақталған. Сондай-ақ тәрбиенің негізгі қызметінің бірі – адамгершілік, имандылық арқылы көрінетіні анықталған. Сол себепті де адам тәрбиесін нысан ретінде алып, оны ғылыми жүйеде қарастырып, танымы мен ойына психологиялық бірліктер мен дидактикалық ұғымдарға қарай зерттеу қажеттілігін ескере отырып, мақаламызда олардың парадигмаларына талдау жасауды мақсат тұттық. Сондықтан, бұл мақалада Т.Ізтілеуовтің шығармаларының тәрбиелік ерекшелігі қарастырылды.