Мақалада қоғамдық және экономикалық өмірдегі өзгерістерге байланысты қазіргі уақытта мұғалімдердің қашықтықтан оқыту жағдайында кәсіби-шығармашылық іс-әрекетке дайындығын қалыптастыру мәселесінің өзектілігі негізделген. Қашықтан оқыту жүйесінде АКТ-ны мен цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамытуға назар аударылады.
Теориялық зерттеулер мен білім беру тәжірибесін талдау негізінде сабақта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту қағидаларды анықталған. Оқу іс-әрекетінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда бастауыш мектептің білім беру бағдарламасы мазмұнының мүмкіндіктері көрсетілген.
Бастауыш сыныптың оқу үдерісінде білім беруге арналған, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, дамытуға ықпал ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, цифрлық білім беру ресурстарының түрлері, олардың қысқаша сипаттамасы және мүмкіндіктері баяндалған. Сонымен қатар математика пәні бойынша шығармашылық жұмыстарды қамтитын онлайн-сабақтың қысқамерзімді жоспарының үлгісі ұсынылған.