Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Педагогика және психология

Киберәлеуметтендіру: беталысы және келешегі

Жарияланған December 2020

143

188

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
Аңдатпа

Қазіргі әлемнің дамуы өте күрделі де жылдам және ол процесс ақпараттық-коммуникациялық бағытпен сипатталады. Адамның қажеттіліктері ақпарат алу, байланыс және басқалармен қарым-қатынас орнату тек тікелей ғана емес, сонымен бірге Интернет арқылы да қанағаттандырылады. Ол үрдіс білім беру саласына, білім жұйелеріне өз ықпалын кеңінен әсер етіп жатыр деп айтуға болады. Осы тұрғыда педагогика, психология салаларында жаңа ағымдар байқалады. Киберкеңістік ақпаратты іздеу және алу құралы, сондай-ақ қарым-қатынас ортасы, виртуалды өзара іс-қимыл болып табылады және жас ұрпақтың мінез-құлық стереотиптерінің, сондай-ақ идеалдардың, рухани құндылықтардың, жеке және қоғамдық дүниетанымның қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді. Мақалада жастардың киберкеңістікті игеруінің оң аспектілері айқындалды, сондай- ақ қазіргі жастар үшін кибер әлеуметтенудің қауіптері мен тосқауылдары атап өтілді. Киберәлеуметтендіру мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізу қажеттілігі, киберкеңістікте жастарды әлеуметтендірудің оң формаларын дамыту үшін жаңа технологияларды құрудың маңыздылығы туралы қорытынды жасалады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Игібаева А., Ерболатұлы Д., Турарова Г. Киберәлеуметтендіру: беталысы және келешегі // Педагогика және психология. – 2020. – № 4(45). – С.115–123: DOI: 10.51889/2020-4.2077-6861.14 [Электронный ресурс]: URL: https://journal-pedpsy.kaznpu.kz/index.php/ped/article/view/128 (дата обращения: 22.11.2024)